Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақжайықтағы мәуліт тойы

25.01.2016 3612 0 пікір

ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Жастар шығармашылық орталығында «Қош келдің, Мәуліт!» атты рухани кеші болып өтті.

Рухани шараға зиялы қауым өкілдері, облыс, қала, аудан, медресе шәкірттері, оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары, қала тұрғындары,  БАҚ өкілдері қатысты.

Ұлық мереке алдымен  Құран Кәрімнен бастап, пайғамбарымыздың өмірінен бейнебаян көрсетіліп, Жалпақтал ауылдық мешітінің шәкірттері мәуліт  оқыды.

Жиналған қауымды облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов құттықтау ізгі лебізін білдірсе, Орал орталық мешітінің Бас имамы Руслан Сұлтанов ардақты пайғамбарымыз жайлы уағыз айтып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізді. Орал орталық мешітінің Бас имамының «Алғыс» хаттарымен облыстық «Орал өңірі» газетінің тілшісі Ұлдай Сариеваға, Теректі, Сырым, Зеленов аудандық мешіттерінің бас имамдары Халықбек Сыдықов, Бақытжан Сабралиев, Әзілхан Бисенғалиев, Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы  Тілепберген Нұрәлиевке табыс етті. Ал, шығармашылық бәйгеде 1-ші орынды (Жылқы) Ержан Дәулетәлиев, 2-ші орынды (сиыр) Алпамыс Файзолла, 3-ші орынды  (қой) Нұркен Ділмұқан мен Ару Азаматқа бұйырды.

Мәуліт тойы әсем әнмен, күмбірлеген күймен, ғибратқа толы  саханалық көріністермен жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ақжайық жамағаттары жоғары деңгейде ұйымдастырылған кештен үлкен рухани азық алып, ақтілектерін айтса, ата-әжелер ақ баталарын берді. 

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру