Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәуліт айында жетім балаларға құрмет көрсетілді

25.01.2016 3049 0 пікір

Алматы қаласы, Бостандық ауданы  «Орбита» мешіті мен ҚМДБ жалпы және жастар бөлімінің Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесінің құрметіне орай  №1 балалар үйі және «Ақ үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне  мешітте ақ дастархан  жайылып, мәуліт оқылды. Бостандық ауданынының Бас имам  Асет Қадырахынұлы баларды айтулы мерекемен құттықтап, пайғамбарымыздың өнегелі өміріне тоқталыды.

Сұрақ-жауап пен басқада ойын түрлерінен жарысқа түскен бүлдіршіндер Алла үйінде қонақ болып, мәз-майрам болып қайтты.

Пайғамбарымыз (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кім Алла үшін бір жетімнің басын сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады»,– деген.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру