Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теңге ауылында мәуліт өтті

25.01.2016 2966 0 пікір

Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылында Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туылған айы мәуліт мерекесіне орайластырып, ауылдық мәдениет үйінде мәуліт кеші өтті. Мәуліт кешіне ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары қатысты.

Мәуліт кешіне арнайы барған Маңғыстау облысының өкіл имамы Сейтбеков Смайыл мәуліт мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіре келе, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дүниеге келуі мен ер жетуі жайында уағыз айтты. уағыз барысында Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мінезі мен болмысы жайында ғибартты оқиғалармен түсіндіріп өтіті. Мәулітке жиылған жұртшылықты Теңге ауылының әкімі Максимов Убин Зинелұлы мәуліт мерекесімен құттықтап, мәуліт кешіне арнайы келген өкіл имамға алғысын айтты. Кеш барысында мәуліт оқып, өнер адамдары мәулітке арнап терме орындады.

Мәулітке келген ауыл ақсақалдарына мешітте арнайы дастархан жайылды. 

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру