Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Ақтау қаласындағы Гуманитарлық колледж студенттерімен кездесу өткізді. Студенттерімен кездесу барысында өкіл имам «Мұсылман адам қандай болу керек?» атты тақырыпта насихат айтып, сұхбат барысында Алла құзырында өтірік, өсек, ғайбат айту, ішімдік ішу, ата-анаға қарсы келу сынды үлкен күнә болып табылатын жаман әдетер жайында кеңінен тоқталып өтті.
Сонымен қатар ғаламтордағы діни уағыздарды тыңдауда абай болу керектігін ескертіп, тек Діни басқарма имамдарының уағыздарын ғана тыңдауға кеңес берді.
Кездесу соңында студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауап берілді.
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.01.2016
3346
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру