Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан «Түркістан» салтанат сарайында «Тәлімі мол мәуліт айы – мүбәрак болғай!» атты рухани кеші болып өтті.
Мерекелік іс-шараға ардагерлер мен зиялы зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдар, Жоғарға оқу орындарының студенттері, «Шымкент», «Сарыағаш» медреселері мен қарилар орталығының шәкірттері, ҚМДБ ОҚО бойынша мешіт имамдары мен жамағаты, Шымкент қаласы тұрғындары және БАҚ өкілдері, барлығы 1300-ге жуық адам қатысты.
Мерекелік шара алдымен Құран Кәрім тіләуат етумен басталып, артынша Шымкент қаласының имамдары мен «Ықылас» қарилар орталығының бір топ шәкірттері мәуліт дұғасын оқыды. ҚМДБ-ның Ғұламалар кеңісінің мүшесі Ерсін Әміре Пайғамбарды (с.а.с) жақсы көру тақырыбында әсерлі уағыз айтты.
Мерекелік іс-шара барысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің орынбасары С.Қаныбеков өзінің құттықтау ізгі лебізін білдірді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкіл имамы А.Керімбек мерекенің шығу тарихы жөнінде қысқаша шолу жасап, ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің облыс исі мұсылмандары Мәуліт мерекесімен құттықтауын жеткізді.
Осы кеште, елімізге белгілі әнші Аманжол Әлтаев мәулітке арнайы арнау айтса, ҚР Мәдениет қайраткері әнші Құрмаш Маханов иләһи ән айтты. Осыдан кейін, дін мен дәстүр жылы аясындағы ақын Біржан Байтуов пен Нұрлан Есенқұловтардың айтысы жиналған көпшіліктің ерекше қошеметіне ие болды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы облыстық «Ш.Қалдаяқов» атындағы филармония әншілері мен Түркістан қалалық Түркістан сазды драма театрының сахналық қойылымы ұйымдастырылып, рухани бағдарламасымен жалғасты.
Кеш соңында рухани кештің жоғары деңгейде өтуіне демеушілік білдіріп, жанашырлық танытқан азаматтарға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдік тарапынан алғыс хаттар табыс етілді. Мұнымен қатар, барлық қатысушы көрермендерге мәуліттен сыйлық ретінде Діни басқарманың сараптауынан өткен кітаптар тегін үлестірілді.
Жалпы, қатысушылар жоғары деңгейде ұйымдастырылған кештен үлкен рухани ләззат алып, ризашылықтарын білдіріп тарасты.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.01.2016
3716
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру