ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өңірдегі БАҚ өкілдері, жергілікті теле арнаның бас редакторлары мен журналистері, республикалық басылымдардың облыстағы меншікті тілшілері, сайтар мен газет редакторлары бас қосты.
Өкілдіктің жайған ақ дастарханы басында ашық-жарқын әңгіме өрбіді. Кездесуде ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы журналистер қауымына ҚМДБ-ның төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің тапсырмалары бойынша атқарылып жатқан шараларды таныстырды. Алдағы мақсаттарға тоқталды. Жиында журналистер қауымы да өз пікір-ұсыныстарын білдіріп, келелі ойларын ортаға салды.
«Қазақстан-Өскемен» телеарнасы директорының орынбасары Аида Жабағиева: «Әсіресе кері ағымдармен күрес бағытындағы ақпараттық насихат форматын өзгерту, адасушылардың санасын сауықтыруда креативті үгіт-насихат жүргізу керек» деп ұтымды ұсынысын айтты. Және осындай тың бастама үшін өкілдікке алыстарын білдірді.
«Сіздер аймақтағы діни кадрлар жетіспеушілгін шешу үшін еліміздегі діни жоғарғы оқу орындарын бітіруші жас мамандарды өңірге қызметке шақырып жатыр екенсіздер, осыдан 4 ғасыр бұрын Ақтайлақ би атамыз шығыс өлкеге дін тарату үшін Түркістан, Бұқарадан қожаларды арнайы әкелген. Соның нәтижесінде асыл дініміз қанатын кең жайып, исламның кәусарынан сусындаған. Міне, сіздің осы бастамаңыз да би бабамыздың сол бір игі ісімен үндесіп жатыр, сәтті болсын айтамыз» деп өз ойын білдірді, «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы тілшісі, белгілі журналист Думан Анаш.
«Ұлы Алла Тағаланың парыз, үкімдерін тарату, насихаттауда имамдардың қызметі мен қатар қолына қалам ұстаған журналистер қауымының қосар үлесі, ұшан-теңіз, сол себепті де біз халқымыздың исламға деген рухани сұраныс қанағаттандыруда сіздердің де еңбектеріңіз маңызды» деп атап өтті, өкіл имам Ермек Тасболатұлы.
Сонымен қатар журналистер алдында өкіл имам өңірде ислам дініне деген жанашырлығы үшін облыстық драма театр директоры Дінмұхаммед Ұябай, бас режиссеры Сақан Әкелеев, «Жастар театрының» директоры Айдын Салбановтарға «Алғыс хат» берді.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.01.2016
4042
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру