Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Таушықта мәуліт кеші өтті

22.01.2016 3228 0 пікір

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданына қарасты Таушық ауылында 21 қаңтар күні Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туылған айы мәуліт мерекесіне орайластырып, мәдениет үйінде мәуліт кеші өтті. Мәуліт кешіне ауыл тұрғындары қатысты.

Маңғыстау облысының өкіл имамы Сейтбеков Смайыл Мәулітке жиылған жамағатты мерекемен құттықтап, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірі мен өнегелі ғұмыры жайында уағыз айтса, ауыл әкімі Ш.Азербаев жиылған жұртшылықты мәуліт мерекесімен құттықтады. Кеш барысында Тауышық ауылдық мешітінің имамы Нұрбол Керимов мәуліт оқып, арнайы шақырылған өнер адамдары жыр-терме орындады.

Тауышық ауылдық мешітінің имамы Нұрбол Керимов кешті жоғары деңгейде ұйымдастырды. Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен өткен кеш соңында өкіл имам Смайыл Сейтбеков демеушілік пен қайырымдылық жасаған азаматтарға алғыс хат беріп, ризашылын білдірді.

Мәулітке келген ауыл тұрғындарына арнап арнайы дастархан жайылды.

Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру