Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық - қадірлі іс

22.01.2016 3390 0 пікір

Алла Тағала Құран Кәрімнің «Инсан» сүресінің, 9-аятында: Олар: «Шын мәнінде сендерді Алланың ризалығы үшін тамақтандырамыз. Сендерден төлем, алғыс қаламаймыз»,-деп, қайырымдылық жасаудың жолын адамзат баласына үлгі етіп көрсеткен.

Осы аятқа амал ету мақсатында Алматы қаласы жастар ісі бөлімі мен Алатау ауданына қарасты «Дархан» мешітімен бірігіп Мәуліт айының құрметіне орай қайырымдылық шарасын өткізді.

«Дархан» мешітінде өткен шараға Алматы орталық мешітінен Алматы қаласының жастар ісі бойынша өкілі Есім Ержан мен Алматы орталық мешітінің азаншысы Ашимов Қасым және Дархан мешітінің Бас имамы Темірбек Бекмағамбетов қатысты.

Алатау ауданындағы әлеуметтік жағдайы төмен 15 отбасыға (ұн, қант, күріш, май, макарон өнімдері) қайырымдылық ретінде көмек көрсетілді.

Көмекке зәру болған жандар қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдіріп тарқасты.

muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру