Алматы қаласы Медеу ауданы Таулы қырат елдiмекенiнде орналасқан "Омар ибн әл-Хаттаб" мешiтiнің Бас имамы Асан Тілеубердиевтің ұйытқы болуымен дініміздің жанашыр демеушiлері тарапынан 10 отбасына азық-түлiкпен қайырымдылық көмек көрсетілді.
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы барлық мешіттерге төрт бағыт бойынша жұмыс істеуді тапсырған болатын. Сол төрт бағыттың бірі - қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Осы тапсырма аясында қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеміз. Мешіттен көмек сұрап келген тұрмыстық жағдайы төмен 10 отбасына азық-түлік табыстадық", - деді Бас имам Асан Тілеубердиев.
"Омар ибн әл-Хаттаб" мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.01.2016
3343
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру