Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде Елордамыздағы тұрмысы төмен отбасыларға арналған қайырымдылық шарасы болып өтті. Мешітіміздің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен ұйымдастырылған шара барысында «Әзірет Сұлтан» мешітіне өтініш білдірген 20 отбасыға азық-түлік салынған сөмкелер таратылды.
«Әзірет Сұлтан» мешітіне өтініш білдірген мұқтаж жандарға азық-түлік таратылып, ақшалай көмек көрсетілетін қайырымдылық шаралары ай сайын ұйымдастырылып тұрады. Кейбір отбасылардың пәтерақысын төлеуге көмек беріліп, қартаң кісілерге отын-суын түсіріп беруге де жәрдем көрсетіледі. Игілікті шара келесі ақпан айында жалғасатын болады.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.01.2016
3682
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру