Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәуліт мерекесі тоғыз жолдың торабы Тобыл бекетінде

21.01.2016 3730 0 пікір

Қостанай облысына қарасты Лисаков қаласы мен Таран ауданында және тоғыз жолдың торабы болған Тобыл бекетінде де екі дүние сардары болған Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) Мәуліт мерекесі аталып, рухани кеш ұйымдастырылды.

ҚМДБ-ның Қостанай өңіріндегі өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы аталмыш шараларда жиналғандарды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтап, Мәуліт мерекесі, Мұхаммед пайғамбардың өмірі туралы уағыз-насихат айтты.

Шараға Арқаның ақиық ақыны Айбек Қалиев және Сырдың белгілі ақыны Мұхтар Ниязов өз өнерін көрсетіп халықтың ыстық ыхласына бөленді.

Мұндай рухани кештер әлі де Қостанай өңірінің басқа қалалар мен аудандардында жалғасын табуда.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру