Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам ұстаздармен кездесті

21.01.2016 3267 0 пікір

ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы А.Керімбек Оңтүстік Қазақстандағы мешіт ұстаздары үшін ұйымдастырылған арнайы семинарда облыстағы әйел ұстаздармен кездесті.

Кездесуде облыстың Бас имамы ұстаздарға өткен жылғы атқарылған діни оқу-ағарту жұмыстарына тоқталып, семинарға келгендерге алғысын білдірді. ОҚО облыстық мешітінде өткен семинар «Діни білім тұтастығы – діни тұрақтылық кепілі» республикалық конференцияда «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» тақырыбына арналды.

Өкіл имам тұжырымдаманы басшылыққа ала отырып, діни сауат ашу курстары және жалпы діни оқу-ағарту жұмыстары осы тұжырымдама аясында жүзеге асырылу керектігін тапсырды.

ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру