Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қала әкімі облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды

20.01.2016 3306 0 пікір

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы облыстық «Халифа Алтай» мешітінде Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжановпен кездесті.

Кездесу барысында өкіл имам бүгінде ҚМДБ-ның бекіткен төрт бағыт бойынша өңірде атқарылып жатқан игі шаралармен таныстырып,  діни ахуал жайын сөз етті. Сонымен қатар, ол алдағы мақсаттарға тоқталып, ағымдағы жылы атқарылатын іс-шараларды айтып өтті.

Қала әкімі  өкілдіктен жасалып жатқан имандылық бағытындағы шараларға көңілі толатындығын айтып, халықты имандылық пен ізгілікке бағыттаудағы исламның маңызы туралы өз ойларын жеткізді. Тараптар Өскемен қаласындағы мешіттердің хал жағдайлары туралы да пікірлесті.  

Қала басшысы өз сөзінде ел тұрақтылығын сақтау, діндер арасындағы татулықты нығайту, халықты адамгершілік қағидаларына ұйыту жолындағы әрбір тың бастамалармен ұсыныстарға әркез қолдау білдіретіндігін айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру