Мәуліт айында Пайғамбарымыздың мейірімге толы сауапты істері, үмметтеріне жасаған жақсылықтары айтылып, адамдарды жақсы істерге шақыратын күн. Атырау облысы, Махамбет ауданы «Өнерпаз» мәдениет үйінде өткен Мәуліт мерекесіне облысымыздың бас имамы Батыржан Берденұлы Мансұров пен дінтанушы Қанат Жұмағұл келіп қатысты.
- Алдымен барша Махамбет ауданы тұрғындарына осы қасиетті Мәуліт айының берекетімен барша шаңыраққа Аллла Тағаланың мейірімі, сәлемі болсын деп құттықтаймын. Бүгін шынында да Махамбет ауданының орталық мәденеит үйінде үлкен Пайғамбарымыздың Мұхаммедке (с.ғ.с) арналған үлкен рухани кеш өтті. Өте әсерлі болды. Әрине мұндағы Мәуліт мерекесін халыққа жеткізудегі рухани кеш ретіндегі, шара ретіндегі өткізудегі мақсат ардақты Пайғамабардың бойындағы мейірімділік, ардақты Пайғамабардың қандай тұлға болғандығын келешек ұрпаққа мұсылман жұртшылығына насихаттау. Пайғамбарымыздың мінез-құлқындай мінезімен сусындасақ осындай рухани кештер арқылы үлкен қойылымдар арқылы жастарға насихаттайтын болсақ, Алла қаласа жастарымызда өзінің дәстүрлі жолымыздан адаспай халқын сүйетін, үлкенді құрметтейтін, келешек үлкен азамат болатын тұлғалар қалыптасады деп біз сенеміз. Сондықтан Мәуліт баршаңызға құтты болсын,- деп өкіл имам Батыржан Берденұлы ауыл тұрғындарына өзінің тілегін білдірді.
Діни бағыттағы әуендер, көріністер , бейне жазбалар тұрғындардың бойына Мұхаммед пайғамбарға деген асқан сүйіспеншіліктің лебін сездіріп, жүректеріне мейірім ұялатып, саналарына ой тастады. Шара барысында айтылған ойлар көрермендерге Пайғамбарды толық танып білуге мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар өкіл имам Батыржан Мансуров Махамбат ауданының әкімі Ибатолла Нәутиевтің Алғыс хатымен марапатталды.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.01.2016
3649
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру