Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОҚО-да ұстаздар семинары өтті

20.01.2016 3210 0 пікір

Алматыда өткен «Діни білім тұтастығы – діни тұрақтылық кепілі» республикалық конференцияда «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» атты тұңғыш рет тарихи құжат қабылданған болатын. Тұжырымдама – діни білім беру жүйесі бойынша бағыт-бағдарымызды айқындайтын, жолымызды көрсететін бағдаршам іспетті басты стратегиялық құжатымыз.

Осыған орай ҚМДБ ОҚО облыстық орталық мешітінде «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын» насихаттау мақсатында семинар өтті.

Семинарға облыстағы қала және аудандар бойынша діни оқу-ағарту жұмыстарына жауапты қызметкерлер мен діни сауат ашу курстарының (ДСАК) ұстаздары қатысты. Тұжырымдама семинарға келген ұстаздар тарапынан жан-жақты зерделеніп, осы жылдан бастап нақты жүзеге асыру жолдары талқыланды. «Тұжырымдама мақсаты – жастарға, жалпы жұртымызға толыққанды, сапалы, бәсекеге қабілетті діни білім беруде, зайырлы біліммен қоса, басқа да салаларды ұлттық құндылықтарымызбен сабақтастыра отырып түсіндіру, діни білім беруді жетілдіру. Жастарды діни экстремизм мен радикалды ағымдардан сақтандыру болып табылады»,-деді семинарды жүргізген найб имам Е.Қарақұлов.

ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру