Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туылған айы мәуліт мерекесіне орайластырып, Жаңаөзен қалалық мешіті мен қалалық ішкі саясат бөлімі және жастар орталығының ұйымдастыруымен «Оқушылар шығармашылық үйінің» акт залында мәуліт кеші ұйымдастырылды.
Мәуліт кешіне қала ардагерлер кеңесінің мүшелері, өңірдегі өндірістік мекеме қызметкерлері, әскери бөлім сарбаздары, мектеп директорлары, тәрбие жөніндегі орынбасарлары, дінтану пәнінің мұғалімдері және мектеп оқушыларымен, арнаулы оқу орны студенттері қатысты.
Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Қалдығұл Серік Сырымұлы Мәулітке жиылған жамағатты мерекемен құттықтаса, Маңғыстау облысының өкіл имамы Сейтбеков Смайыл Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көркем мінезі жайында өнегелі уағыз-насихат айтты.
Рахат мешітінің бас имамы Шахабуддин Мангалбай мәуліт оқыса, өнер адамдары жыр-терме орындады. Кеш барысында дінімізді дәріптеу, үлкенге-құрмет, кішіге-ізет, ата-ананы құрметтеу, ауызбіршілік пен ынтымақтастыққа шақыратын бейнебаяндар көрсетілді.
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.01.2016
3510
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру