ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қала және аудан имамдарының жиналысы өтті. Жиналысты ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы жүргізді.
Жиналыстың күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды. Атап айтар болсақ, уағыз-насихат жұмыстарын күшейту, жат ағымдардың жетегінде жүргендермен жұмыс жасау, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар, 24 қаңтар күні өткізілетін облыстық Мәуліт мерекесіне дайындық шаралары пысықталды.
Бас имам Т.Омаров 2016 жылы ҚМДБ-ның тарапынан болған тапсырмалармен алдағы жоспарлардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қадағалау туралы да сөз етті.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.01.2016
3076
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру