Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкірттер арасындағы Құран жарысы

20.01.2016 3098 0 пікір

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен, "Орал" орталық мешітінің ұстаздары Гүлжамила Ахметова мен Бархыт Абдированың қолдауымен қасиетті Мәуліт мерекесіне  орай шәкірттер арасында «Құран оқу» сайысы болып өтті.

Құран оқу сайысына облыстық орталық мешітінде дәріс алып жүрген талапкерлер қатысты. Сайыста талапкерлер Құранды мәнерлеп оқу, нақышына келтіріп жеткізе білу, дыбыстауда қателіктер жібермеу бойынша сынға алынды.

Нәтижесінде І орын Бақыт Сумайя, ІІ орынды Янгул Өтеғалиева, ІІІ орынды Әсем Абдубали иеленді.

Сайыста үздік шығып жеңімпаздарға, талабын шыңдаған, белсене қатысқан шәкірттерге арнайы бағалы сый-сияпаттар берілсе, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтановтың Алғыс хатымен марапатталды.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру