Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Айтбай» мешітінде Мәуліт мерекесі аталып өтті

19.01.2016 3375 0 пікір

Сыр өңіріндегі қалалық, аудандық деңгейдегі мешіттер Мәуліт мерекесін жоғары деңгейде атап өтумен қатар, Пайғамбарымыздың с.ғ.с.-ның өмір жолын тұрғындарға, жамағатқа насихаттауда барынша атсалысып келеді.

Қалалық «Айтбай» мешітінде өткен Мәуліт мерекесі биыл да өз деңгейінде ұйымдастырылды. Шараға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қатысып, жиналған барша жамағатқа әсерлі уағызын жеткізді. Келесі кезекте қатысушылар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) соңғы құтбасы тақырыбындағы бейнебаянды тамашалады.

Шара барысында  арнайы Мәуліт оқылып, құран бағышталды.

Одан бөлек мешіт шәкірттері қатысушыларға әсерлі қойылымын қойып, викториналық сұрақтар сергіту сәтіне белсене қатысып сый-сияпатқа ие болды.

Жиналғандар арнайы жайылған дастарханға қатысып, мәнді сұхбаттар жүріп, ризашылықпен тарасты.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру