Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Степногорск қаласында Мәуліт мерекесі ұлықталды

19.01.2016 3355 0 пікір

Ақмола облысының Степногорск қаласындағы «Горняк» орталық мәдениет сарайында Хазірет Мұхаммед (с.а.у) Пайғамбарымыздың туылған күні «Мәуліт» мерекесі аталып өтті.

Пайғамбарлардың төресі, адамзаттың ұстазы, соңғы елші пайғамбарымыз Мұхаммедтің Мұстафа (с.а.у) өнегелі өмір жолын жан-жақты ашып түсіндіру, исламның асыл құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған мерекеге белгілі әнші Досымжан Таңатаров қатысып, мерекеге жиналған тұрғындарға әдемі ән шашу жасады.

ҚМДБ Ақмола облысы бойынша өкілі Қанат Қыдырмин, Астана қаласы Әлжан ана мешітінің бас имамы Қуаныш Жұмабайұлы Сәбит мырзалар іс-шараға қатысып, жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтап, уағыз айтты.

Кеш барысында Мәуліт мерекесіне орай мектеп оқушылары арасында жариялаған «Хақ елшісі-Мұхаммед» атты жазбаша мүшәйраның қорытындысы шығарылып, конкурс жеңімпаздары бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды.

Мәуліт айына орай қаладағы аз қамтылған және көп балалы 18 отбасына күнделікті мұқтаждықты өтеуге қажетті азық-түліктер және тұрмыстық заттармен қайырымдылық жасалды. Мәуліт кешінен кейін мешіт асханасында жамағатқа арналып ас берілді.

Степногорск қаласының Паң Нұрмағамбет мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру