Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай халқы Мәуліт мерекесін атап өтті (ФОТО)

19.01.2016 3240 0 пікір

Облыстық «Марал ишан», Қостанай қалалық және Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешіттерінің ұйымдастыруымен 700 адамға арналған «Мирас» мәдениет үйінде «Адамзаттың ардақтысы» атты Мәуліт мерекесі өткізілді.

Кешті «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығының шәкірті Мұртаза Балахмет Құран оқып ашты. Рухани кешті айтыскер ақын Арман Бердалин жүргізді.

ҚМДБ-ның өңірдегі өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтап, әрбір отбасына бақыт пен қуаныш тілеп, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың ғибратты ғұмыры туралы уағыз-насихат айтты.

Сондай-ақ Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов, Солтүстік Қазақстан облысының өкіл имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай сөз сөйлеп, барша қауымға ізгі тілектерін білдірді.

Кеш барысында есімдері елімізге белгілі айтыскер ақындар Айбек Қалиев пен Мұхтар Ниязов «Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) салауат-сәлем айтайық» тақырыбындағы айтысымен елді тәнті етті.

Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы бір топ мешіт жанашырларына Алғыс хатпен марапаттап, шапан жапты.

Содан кейін мерекенің құрметіне шаһардағы «Премиум Палас» мейрамханасында 500 адамға арналған ақ дастархан жайылып, 100 мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетілді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру