Облыстық орталық мешітте өкіл имам С.Сейтбеков әйел жамағатына уағыз айтты. «Ғайбат және оның зардабы» тақырыбында сөйлеген бас имамның насихатын тыңдауға жүзге жуық әйел адам қатысты. Олардың қатарында имандылық үйінің тұрақты жамағаты әже-апалар мен орталық мешітке жаңадан келіп намаз, Құран оқуды үйреніп жүргендер де бар.
Бас имам С.Сейтбеков уағыз насихаттан соң, мешіт тарапынан ұйымдастырылатын шаралардың бел ортасында жүретін, өткен жылы қарттар үйінен бірнеше рет барып, игілікті істерге ұйытқы болған апа әжелерімізге ризашылығын білдіріп, Алғыс хат тапсырды. Отырыстан соң әжелер арнайы жайылған дастарханға қонақ болды.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.01.2016
3360
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру