ОҚО, Төлеби ауданы, Ленгер қаласы аудандық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен «Сен әлемдерге тек рақым етіп жіберілдің!» атты мәуліт кеші болып өтті.
Мерекелік шараның шымылдығын алдымен қасиетті Құран Кәрім тіләуат етумен басталды. Оны «Ал-Баари» мешіттің имамы Вапаев Рустам оқыды. Рухани кешті аудандық «Нұр» мешітінің имамы Анарбаев Самат жүргізіп отырды.
Рухани кеште ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек және Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Сейіт Бекмұрзаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жолымбек Кенжетай мырзалар ыстық лебіздерін білдіріп, Мәуліт мерекесімен құттықтады.
Осыдан кейін, найб имам Бегайдар Әміре пайғамбарымыз (с.а.с) өнегелі өмірі туралы уағыз айтты.
Сонымен қатар, мерекенің негізгі тұздығы «Мәуліт дұғасы» оқылды. Мерекенің әрін көргізу үшін термеші-әнші Жақып Спатаев, Болысбеков Дәурен илахи әндерімен тәнті етсе, аудандық мәдениет үйінің әртістерінің сахналық қойылым елдің көңілінен шықты. «Дін мен дәстүр» жылы аясында ақындар айтысына кезек берілді. Келуші барлық азаматтар рухани кештен рухани азық алып тарқасты.
Рухани шараға қатысушыларға арнайы кітаптар мен тәттілер таратылды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.01.2016
3899
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру