Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұланда мәуліт мерекесі ұлықталды

18.01.2016 3520 0 пікір

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының орталығы Қ.Қайсенов кентінде Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед  (с.ғ.с) туған айының құрметіне арналған мәуліт мерекесі аталып өтілді.

Аудандық мәдениет үйі мерекеге жиналған жамағатқа толды. Жиналған қауымды ҚМДБ-ның  Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы құттықтап, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде жамағатқа игілік, жақсылық тілеп, ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірінен салуатты насихат айтты.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының бөлім басшысы А.Тұрғанбаев мәуліт мерекесіне құтты болсын айтып, бұл мерекені маңызына тоқталды.

Іс-шара барысында Ұлан аудандық өнерпаздар әсем ән шырқап, күмібірлете күй төкті. Облыстық «Жастар театрының» қойылымдары көрермендерді еріксіз толқытты. Жыр, термелер айтылды. Мәуліт оқылып, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) салауат айтылды.

Ақсақалдар арасында бата жарысы өткізіліп, жеңімпаз болған батагөй ақсақалдар марапатталды.

Кеш соңындаҰлан аудандық «Мұса баба» мешітінің бас имамы Тимур Қайдарұлы рухани шараға жиналған жамағатқа, және осы істі ұйымдастыруға қолдау білдірген Өскемен аймағы өкілдігіне,  атсалысқан өнерпаздарға шынайы алғысын білдіріді.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру