ОҚО Шымкент қаласында орналасқан облыстық орталық мешітінде облыстық Жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында Құран жарысы болып өтті.
Жарысты ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров және облыстық Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Абдікерімұлы арнайы ашып, үміткерлерге сәттілік тіледі.
Жарыс нәтижесінде бірінші орынды Игілік Исламнұр, екінші орынды Айтмахан Диас, ал үшінші орынды Мирадықов Мирикрам иеленді.
Осы шараның демеушісі облыстық «Жас Отан жастар қанаты» бөлімінің директоры Бауыржан Молдабекке Алла разы болғай.
Барлық қатысушыға қаржылай және өкілдіктің арнайы алғыс хатымен марапатталды. Жалпы, жарысқа облыс көлемінде 26 үміткер қатысты.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.01.2016
3457
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру