ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің қала және аудан имамдарының кезекті басқосу жиналысы облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды. Оған аудандармен қоса, Өскемен қаласындағы мешіттер мен аудан және ауылдық мешіттердің имамдары қатысты.
Жиынды ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы ашып, өңірде 2016 жылғы атқарылатын жұмыс жоспарын таныстырды.
Өкіл имам өз сөзінде ҚМДБ-дан айқындап берген төрт бағыттағы шаралардың іске асу қарқынын арттыру бүгінгі таңдағы баста міндет екендігін баса айтты. Сонымен қатар аудандар мен қала имамдарына әр апта сайын төрт бағыт бойынша бір іс-шарадан өткізіп тұру міндетін жүктеді. Және де оқу ағарту, мен кері ағымдардың алдын алу, олармен күрес бағыттары бойынша имамдарға нақты тапсырмалар берді. Сондай ақ жылдық жұмыс жоспары әр мезгілге бөлініп, әрбір мезгіл соңында қорытындыланып, имамдар жұмысы бағаланатын жүйе енгізіп отырғандығын жеткізді.
Жыл бойы «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» мен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жылға 2020 дейінгі білім беруді дамтыу тұжырымдамасын» үздіксіз насихаттайтын боламыз» деп атап өтті, өкіл имам.
Сонымен төрт бағыт бойынша жүзеге асырылатын шаралардың нәтижелі болдыру, оңтайландыру мақсатында бағыттар бойынша арнаулы имамдар тағайындалып, оларға қосымша міндет, жауапкершілік жүктелді.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.01.2016
2882
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру