Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Мәуліт оқылды (ФОТО)

16.01.2016 3351 0 пікір

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Мәуліт жыры оқылып, ардақты Алла Елшісіне (с.ғ.с.) жамағат болып салауат айтылды. Күллі әлемге рақым нұры болған Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың өнегелі өміріне арналған Мәуліт мерекесінің мән-маңызын арттыра түсу мақсатында «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сүйікті жемісі құрма салынған 10 000 қалташа мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) парасатты ғұмыры жайлы сыр шертетін «Кемелдік кемеңгері» атты парақшалар таратылды.

ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы жұма уағызының соңында жиылған жамағатқа Мәуліт мерекесінің қадір-қасиеті жайлы сөз қозғап, салауат айтудың сауабын түсіндірді.

Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әр сөзі мен ғұмырының әрбір сәті мұсылман үмметі үшін қашанда өмірлік өнеге, жақсылыққа жетелеген үлгі болып қала берері сөзсіз. Адамзаттың абзалы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың өнегелі өмір жырын «Әзірет Сұлтан» мешітіне жиналған жамағатқа Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мен «Сәдуақас Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Өсерханұлы және «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы Ерлан Базарбайұлы мен Астана қаласы қарилар орталығының директоры Олжабайұлы Сәдуақас қари оқып жеткізді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру