15-қаңтар қасиетті жұма күні ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Астана қаласы, «Нұр Астана» орталық мешітіне наиб имам болып Қабылбек Жұмабеков тағайындалды.
ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы жұма намазының алдында Бас мүфти бұйрығын оқып, жамағатқа жаңа наиб имамды таныстырды. Қ.Әліпбайұлы еліміздің руханиятына өз үлесін қосып келе жатқан жас ғалым.
Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы 1982 жылы ОҚО Сарыағаш ауданы, Абай ауылында туылған. 2002-2005 ж.ж. Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін бітірген. 2005-2012 ж.ж. Египет Араб Республикасындағы «Әл-Азһар» университетінің «Ислам шәриғаты» факултетін тәмамдаған.
2012-2013 ж.ж. аралығында Алматы қаласы «Әбу Ханифа» медресесінде ұстаз; 2013-2015 ж.ж. аралығында ҚМДБ-ның Жезқазған аймағындағы өкілі, «Ахмет Ишан» мешітінің Бас имамы; 2015-2016 ж.ж. аралығында Алматы қаласы «Байкен ата» мешітінің наиб имамы қызметтерін атқарған.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.01.2016
4820
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру