Мәуліт айы – екі дүниенің сардары Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) – ның дүниеге келген айы. Мәуліт айын мерекелеу арқылы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелерін болашақ ұрпаққа насихаттап, Ислам дінінің қадір-қасиетін түсіндіруде маңызы зор.
Сыр өңіріндегі аудандық, қалалық мешіттерде Мәуліт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтіліп, жұртшылықтың ризашылығына бөленуде.
Атап айтар болсақ, облысқа қарасты Сырдария, Қармақшы аудандары мен Талсуат ауылында аталмыш мереке аталып өтті.
Мерекелік шара аясында қасиетті Құран аяттары оқылып, жастарға арналған уағыздар айтылып, әншілердің орындауында діни әндер шырқалып, діни қойылымдар көрсетілді.
Ұйымдастырылған мерекелік шараның барлығына ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қатысып, қатысушыларға тәлімді уағыздар айтып, Мәуліт мерекесімен құттықтады.
Сонымен қатар, өкіл имам Т.Омаров дін саласында жемісті еңбек еткен имамдарды арнайы алғыс хатпен марапаттады.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.01.2016
3307
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру