Алматы қаласы «Әділ» мейрамханасында «Асыл арна» телеарнасы сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) мәулітіне арналған мерекелік іс-шара өткізді. Оны ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет кіріспе сөз сөйлеп, пайғамбарлардың сәруары (с.ғ.с.) жәйлі ұлағатқа толы сыр шертсе, ҚМДБ-ның шариғат және пәтуә бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы кең ауқымда уағыз айтты. Сахна шеберлері пайғамбарымызға деген сағынышты жыр-терме тиегін ағытса, өткізілген сұрақ-жауапқа жиналғандар белсене қатысты.
Мерекелік іс-шара соңында оған қатысқан мешіт жамағаты мен қонақтарға «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков өзінің жылы лебізін білдіре келе: – Сүйікті пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ғибратқа толы өмірі барша мұсылмандар үшін үлгі-өнеге. Сондықтан бүгінгі өткізіп отырған мәулітіміздің маңызы аса зор, - деп тебірене ой толғады.
Іс-шараға қатысушыларға дастарқан жайылып, кәдесый таратылды.
Өз тілшімізден...
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.01.2016
4695
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру