Асыл дініміз ислам ақыл иелерін мейірімділікке, жақсылыққа, ізгілікке, дәлірек айтқанда екі дүние бақытына қауышуға шақырады. Тіпті, әрбір жаралы жүректерге иман нұрын төгіп, ақиқатқа жол ашқызатын да осы ислам діні. Мың жерден исламды қаралап, оның атына талай-талай күйе жағылып жатқанына қарамастан, ақиқат іздеген жандарды өзінің шынайы дін екендігімен мойындатумен келеді.
Сондықтан болар, жер бетіндегі түрі басқа, тілі басқа көптеген ұлт-ұлыстар кәлима сөзін айтып, мұсылманшылыққа бет бұруда. Міне, сондай шараның куәсі еліміздің бас шаһары Астана қаласы, Теміржолшылар кентіндегі «Әс-Сәлам» мешітінде болды.
Қаңтар айының 11-күні аталмыш мешітке қадам басқан орыс азаматы Власенко Виктор Викторович бас имам Нұрбол Абсаттарұлымен кездесіп, өзінің мұсылманшылыққа бет бұрғысы келетіндігін жеткізді. «Әс-Сәлам» мешітінің бас имамы ислам діні жайында кең мұғлұмат жеткізіп, орыс азаматына тұщымды уағыз-насихат жасады.
Ақиқатқа көз жеткізген Виктор мұнан соң тілін кәлима келтіріп, ислам дінін қабылдады. Сондай-ақ, соңғы әрі хақиқи ислам дінімен қауышқандығына өте риза екендігін білдіріп, бас имам атына алғыс айтты.
Айтпақшы, қазақша аттарды ұнататындығын айтқан Викторға бас имам құлағына азан шақырып, Жеңіс деп жаңа есім берді. Қалай десекте, осы сәт – Виктордың ақиқат жолында жеткен жеңісі болды.
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.01.2016
3902
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру