Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ғибратты бас қосу болып өтті

15.01.2016 3338 0 пікір

Орал қаласында облыстық мәслихат ғимаратында «Ысырапшылдық» жайында дөңгелек үстел болып өтті.

Оған ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, мешіттердің найб имамдары мен Ақсақалдар алқасының мүшелері, Дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов, облыстық, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары, «Әже сәлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында облыстық мәслихаттың депутаты Зейнатбану Мусина сөз алып, «Ысырапшылдық» жайында тілге тиекті.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы жақынынан айырылып, қабырғасы қайысып отырған жандардың қайғы-қасіретін түсіну қиын емес. Әйтсе де, әр адам өлім-жітімді болған жағдайда имамның бұйрығына, шариғатымыздың қағидасына мойынсұнғаны дұрыс-ақ. Қазіргі кезде еліміздегі мұсылмандар арасында қайтыс болған адамды жерлеудің жөн-жосығы әрқалай.

Мешіт жамағатына мыңдаған данамен таратылған «Жаназа пәтуасы» кітапшасы жерлеудің жөн-жоралғыларын бір ізге салатын тамаша бағдар ретінде қызмет етуде. Ол жерде қайтыс болған кісіге байланысты шариғат үкімдері мен дінімізге қайшы келмейтін салт-кәделерді қамтитын жаназа рәсімі егжей-тегжейлі түсіндірілген.

Жиын соңында тәжірибелі имамдар мен ақсақалдар тарапынан пайдалы пікір, ұтымды ұсыныстар ортаға тасталынды. Игі бастама қала, аудан, ауылдарда өз жалғасын таппақ.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру