Алматы қаласы, Медеу ауданына қарасты «Әл-Хамид» мешітінде қасиетті жұма күні мешіттің Бас имамы Асылхан қажы Өмірзақұлының ұйытқы болуымен Мәуліт оқылды.
Мешітке жиылған жамағатты Бас имам Мәуліт мерекесімен құттықтап, Алла елшісінің (с.ғ.с.) ғибратты ғұмыр жолынан сыр шертіп, уағыз-насихат айтты. Арнайы шақырылған қарилар Мәуліт оқыды.
Осы ұлық мерекеге орай «Әл-Хамид» мешітінде қоғам қайраткерлері, мешіт ақсақалдары мен ақжаулықты аналарымызбен қатар, мешіт жамағаттарына арнайы ақ дастархан жайылып, ас берілді.
Мәуліт соңында еліміздің амандығына, дініміз исламның көркеюуіне дұға жасалып, жиылған көпшілікке мешітіміздің Бас имамы Асылхан қажы Өмірзақұлы келген қонақтарға ізгі тілегін айтып, жиылған көпшілік ризашылықпен тарқасты.
«Әл-Хамид» мешітінің баспасөз қызметі






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.01.2016
3545
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру