ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы облыс орталығынан шалғайдағы Зайсан ауданында жұмыс сапарымен болып қайтты.
Ол әуелі мешітте ауданға қарасты ауылдық мешіттің имамдарымен жиналыс өткізді. Аудандық мешіттің жүзеге асырып жатқан шаруалармен танысты. Ауыл имамдарына нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді. Сонымен қатар мешіт жамағаттарымен жүздесіп, берекет тіледі.
Өкіл имам әкімдікте болып, Зайсан ауданының әкімі А.Оңдақановпен кездесіп, ҚМДБ-ның алға қойып отыған негізгі бағыттары туралы айтты. Өз кезегінде аудан басшысы мешіт шараларына әркез қолдау көрсетіп келгендігін айтып, бұдан ары да өзара ынтымақтастықта болатындығын жеткізді.
Бұдан соң өкіл имам аудан активтерімен жүздесіп, аудандағы діни ахуалды талқылап, өкілдік және аудан мешіті тарапынан атқарылып жатқан іс-шаралар туралы пікір алмасты. Кездесуде өкіл имам: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» бекіткен төрт бағыт бойынша өңірде нәтижелі шаралар атқару, осының негізінде өңірде ислам құндылықтарының нық орнығуына, халықтың діни сауаттылығын артуына барынша қарқынды қызмет ету мақсатын алға қойып отырмыз» деп атап өтіп, ағымдағы жылы өңір бойынша іске асырылатын істерге тоқталды.
Бұдан соң Ермек қажы Тасболатұлы Дауленов атындағы орта мектепте болып шәкірттер мен ұстаздарға «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасын» таныстырды.
Сапар барысында өкіл имам Кеңсай ауылында болып, халықпен жүздесіп, исламнан тағылымды насихат айтты.
Өкіл имамның өңірді аралау сапары жалғасуда.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.01.2016
3300
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру