Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында Мәуліт ай құрметіне, әйел жамағаты арасында «Пайғамбарымызды (с.ғ.с) таниық» атты интелектуалдық сайыс ұйымдастырылды.
Сайыс шымылдығын ашқан аудан имамы Думан Нәдірұлы: «Пайғамбарымызды дұрыс танудың маңыздылығы» жайлы насихат айтып, Мәуліт мерекесімен құттықтады.
Интерактивті тақта арқылы Алла елшісінің (с.ғ.с) ғибратты ғұмырынан бейнеролик көрсетіліп, сұрақ – жауап қойылып, жауап берушілерге сыйлықтар берілді.
Осындай өнегелі ізгі шараға разы болып, көздеріне жас алған әйел жамағаты алдағы уақытта да игі істердің жалғасын табуын, ел – жұрт амандығын тіледі.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.01.2016
3474
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру