Арқалық қаласында Мәуліт мерекесіне орай «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті мен «Қайрат» спорт мектебінің басшысы Рүстем Асанханұлының ұйымдастыруымен спорттық сайыстар өткізілді.
Жарыста мемлекеттік мекемелері және қалалық мешіттен құралған алты команда арасында шағын футболдан ұйымдастырылып, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар тарапынан «Рухы биік жандар» атты команда нысанаға тигізу, шахмат және асық ату ойындары бойынша өздерінің спортқа деген ынтызарлықтарын көрсетті.
Жарыстың ашылу салтанатында қала әкімі Ғазиз Ерболатұлы мерекеге жиналған қауымды құттықтады. Бұл сайысқа дінге деген құрметінің белгісі ретінде өзі де қатысатындығын білдірді. Аталмыш мешіттің Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы өз сөзінде осынау жарыстың ерекшелігіне тоқталып, Мәуліт мерекесінің маңыздылығы жайлы насихат айтты.
Мәдениет бөлімінің қызметкерлері мен мектеп оқушылары патриоттық әндерді шырқап, жиналғандарға рухани ләззат сыйлады. Қалалық мешіт ұжымы демеуші азаматтардың қолдауымен көмекке мұқтаж он отбасына күнделікті тұтынатын азық-түлікті табыс етті.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.01.2016
3128
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру