Шу ауданы, Бөлтірік ауылы «Бөлтірік Шешен» мешітінің ұйымдастыруымен ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) туған айы мәуліт мерекесі кең көлемде атап өтілді.
Бұл күні Пайғамбарымызға (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) мыңдаған салауаттар айтылып, Құран оқып, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп қайырлы істерді көптеп жасап, Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) тарихынан сыр шерту қажет. Хадис шәрифтте: «Пайғамбарларды еске түсіру ғибадат болып саналады»,-деген.
Алматыдан арнайы шақырылған ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің менгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, «Нұр-Мүбарәк» университетінің ұстаздары, белгілі дінтанушы Жасұлан Жүсіпбек, Ризабек Батталұлы, Оралхан Рахматбекұлы және Алматы орталық мешіттің азаншысы, рухани кештің жүргізушісі болған Қасым Ашимов жиынның қадірлі қонақтары болды. Сондай-ақ ауданның Бас имамы Қуандық Берікұлы және де ауыл ақсақалдары мен мешіт жамағаттары қатысты.
Мәуліт кеші бүкіл өмірі өнегеге толы адамзаттың ардақтысы сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) құрметіне Құран оқылумен ашылды.
Арнайы Алматыдан келген қонақтар Алла Тағаланы және оның сүйікті елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммедті (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) сүю туралы әсерлі уағыздар айтып, мектеп оқушылары әсерлі көріністер қойып өнерлерін көрсетті.
Жиналған көрерменге Пайғамбарымыздың (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен сыр шерткен рухани кеш ерекше көңіл күй сыйлады.
Кеш соңында жиналған жұртшылыққа асханада дастархан жайылып ас беріліп, еліміздің амандығына, дініміз исламның көркеюуіне дұға жасалып, жиылған көпшілікке «Бөлтірік Шешен» мешітінің имамы атынан келген қонақтарға ізгі тілегін айтып, жиылған көпшілік ризашылықпен тарқасты.
Шу аудандық Төлеби мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.01.2016
3437
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру