Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылында екі дүние сардары болған Мұхаммед (с.ғ.с ) пайғамбарымыздың Мәуліт мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мәуліт мерекесіне арнайы Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы 10 адамнан құрылған бір топ ақын, термеші, әнші және өз қарамағында қызмет ететін имам ұстаздармен келіп, ауыл тұрғындарын тамсандырып қайтты.
Алғашқы болып сөз алған өкіл имам, жиылған жұртты мәуліт мерекесімен құттықтап, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с ) өмірі жайлы әсерлі уағыз айтты. Сөз кезегімен Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Салтанат Меңлібаева дүйім жұртты мәуліт мерекесіне байланысты жүрекжарды жылы лебізін білдірді.
Құттықтау сөзден кейін, өңір имамдары Пайғамбарымызға арнап мәуліт салауат оқыса, Сүйімбай атындағы филармония әншілері өздерінің ала келген иләһи әндерімен және терме жырларымен халықты сусындатты.
Жыланды ауылының мәдениет үйіне лық толған көпшілік, бір жарым сағаттық болған рухани кешті зор ықыласпен тамашалап, ауылдың мақтанышы болған Бауыржан Кеңесбекұлының арнайы жайған дастарханынан 250 адам дәм татты. Көптен бері осындай имандылық насихатқа зәру халық, рухани азық алып, көңіл қуаныштарымен тарқасып жатты.
Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.01.2016
3854
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру