Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти балалар үйіне сый жасады (ФОТО+ ВИДЕО)

13.01.2016 3725 0 пікір

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматыдағы республика сарайында өтетін Мәуліт мерекесінен түскен қаражаттың есебінен Алматы Облыстық № 1 балалар үйінне 700 мың теңгенің қайырымдылық шарасын жасады.

Шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, балғындарды Мәуліт мерекесімен құттықтады. Арнайы ат басын тіреген Бас мүфти балалар үйінің тыныс-тіршілігімен танысып, тәрбиеші аналармен жүздесті.

Бас мүфти балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жеткіншектерге достық, татулық, мейірім жайында уағыз айтып, кеңінен түсіндірді. Балдырғандарды қуанту мақсатында оларға тәттілер  таратылып, балаларға арнап клоунның қатысуымен әртүрлі көңілді қойылымдар көрсетілді.

Бүлдіршіндердің қуаныштары қойнына сыймай, ақ тілектерін  арнап,  дін қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. 

ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру