Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей имамдары жаңа жоспармен танысты

12.01.2016 3018 0 пікір

Семей қаласы, Қос мұнаралы орталық мешіттің жанындағы ғимаратта қала, аудан имамдарының қатысуымен 2016 жылдың іс-шаралар жоспары пысықталды.

Мәжілісті Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат ашып, жүргізіп отырды. Жалпы, мәжілісте асыл дініміздің өркендеуіне үлес қосатын өзекті деген 23 мәселе қаралды. Мәселен, дін мамандарын қайта даярлау, уағыз-насихат жұмыстары, діни сауат ашу курстарын дамытуға арналған 2020 жылға дейінгі Тұжырымдама, Астана қаласы Имамдардың І форумында қабылданған 4 құжат Тұғырмананы насихаттау, Жиын барысында үгіт-насихат жұмысы, жат ағыммен жұмыс, қайырымдылық шаралары, сауат ашу, жастар мен жұмыс, БАҚ-пен байланыс, жастар ісі, халал жұмысын жандандыру, қажылық мәселелері мен имамдардың этикасы сынды, мүлікті заңдастыру мәселесі қаралды.

Қазіргі таңда имамдар еліміздің Бас мүфтиі талап етіп отырғандай, әдеп пен парасаттылықты жоғары қойып, қалың жұртшылықты имандылыққа, ізгілікке баулу мақсатында ай сайын ғибратқа толы мақала жазу да жүктелді. Сондай-ақ, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед саллаллаһу алайһи уәссәләмнің туылған «Мәуліт» мерекесін жоғары деңгейде атап өту және мүмкіншілігінше қайырымдылық шараларды көбірек жасау керектігі айтылды.

Мұнан кейін өкіл имам күн тәртібінде қаралатын мәселелерге тоқталып, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен «Дін мен дәстүр» жылы биыл да өз жалғасын табатынын айтты.

Қасиетті айларды халықтық деңгейде қадірлеп өткізу үшін өкіл имам Алтыбай Мақсат барша имамдарды жұдырықтай жұмыла ат салысуға, мешітке келген адамдарға жылы қабақ танытып, көркем әдеппен қарсы алып, жақсы мәміледе болуға шақырды. Мұнымен қатар, асыл дініміздің абыройын арттырып, жастарды жат ағымнан сақтандыру мақсатында жергілікті билік өкілдерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болу және тағы басқа бірқатар маңызды жұмыстар тапсырды. 

Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру