Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Менің пірім – Пайғамбарым» байқауының жеңімпазы анықталды (ФОТО)

12.01.2016 3396 0 пікір

«Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми порталы MUSLIM.KZ сайтының орыс тілінде ұйымдастырған «Менің пірім – пайғамбарым» (Мой Пророк – мой идеал) атты шығармашылық байқау өз мәресіне жетіп, жеңімпазы анықталды.

Сайт поштасына келіп түскен 20-дан астам шығармалар ішінен Руслан Рақымжанов есімді оқырманымыздың туындысы үздік танылып, байқаудың бас жүлдесі табысталды. Алайда, автордың қазіргі уақытта Астанада болмауына байланысты сайыстың сыйлығы (iPhone5S қалта телефоны мен Muslim.kz сайтының логотипі бейнеленген шыныаяқ) мен ҚМДБ-ның наиб мүйтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «Алғыс хаты» Русланның досына табысталды.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру