Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОҚО имамдарына семинар өтті

12.01.2016 3395 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы атбасын бұрып, ресми іссапармен келді. Іссапар барысында бірқатар кездесулер өткізіп, өзекті біршама мәселелерге тоқталып өтті. Атап айтқанда:

1. ҚМДБ ОҚО «Шымкент» медресесінің ұстаз ұжымы және шәкірттерімен кездесіп, медресенің бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігімен танысты

2. Шымкент қаласында орналасқан бірнеше мешіттердің діни сауат ашу курстарының (ДСАК) жұмыс деңгейін тексеріп, білім алып жатқан шәкірттермен сұхбат құрды

3. ҚМДБ ОҚО имам-молдаларымен ҚМДБ 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы бойынша семинар өткізіп, тұжырымдама қабылданған конференция туралы сөз қозғады.

Кездесулер мен семинарларда ҚМДБ Білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев негізгі үш мәселеге ерекше тоқталып өтті. Олар:

а) ҚМДБ 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы облыс, қала, аудан және ауыл деңгейіндегі әрбір имам-молдаға үлкен жауапкершілікті жүктейтіндігіне

ә) Аталмыш тұжырымдама имам-молдалардың білім және жұмыс деңгейін көрсететіндігіне

б) ДСАК жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу үшін сыныптар қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілу керектігіне тоқталып, ҚМДБ ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбекке ұйымдастырылған кездесулер мен семинарлар үшін алғысын білдірді. 

ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру