Бүгін ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, Астана қаласының өкіл имамы Наурызбай Тағанұлының төрағалығымен Елорда мешіттері имамдарының жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында жаңа басталған 2016-жылға дайындалған жұмыс жоспары таныстырылып, былтырғы жылғы атқарылған іс-шараларға шолу жасалды.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бекіткен төрт бағыт (қайырымдылық шаралары, уағыз-насихат жұмыстары, теріс ағымдары арбауына түскен азаматтармен жұмыс, діни ағартушылық) бойынша атқарылатын өзекті шаруалар айқындалып, жауапты тұлғалар тағайындалды. Сондай-ақ, былтырғы жылы жұмыс барысында кездескен кемшіліктер жайы талқыланып, мешіт имамдарының ұсыныстары тыңдалды.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.01.2016
3618
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру