Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлының ұйымдастыруымен Алакөл ауданы Лепсі ауылында тұңғыш рет жоғары деңгейде Мәуліт мерекесі болып өтті. Бұрын-соңды бұл ауылда көпшілікпен Мәуліт мерекесі бұлай аталып өтпеген еді. Лепсіде қазақ, татар және орыс ұлты сан жылдардан бері берекесі мен ауызбірлігі жарасып тату-тәтті өмір сүріп келеді. Рухани кешті Алакөл ауданының орынбасары Салтанат Дәулетханқызы құттықтау сөзімен бастады. Өкіл имам Серікхан қажы Рымханұлы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) тәрбие мен тағылымға толы ғұмыры жайлы өмірбаянынан сыр шертіп, көпшілік жүрегін толғандырып көздеріне жас алды. Өкіл имамның ұйытқы болуымен Мәуліт мерекесін облыстық Жетісу газеті бас редакторының орынбасары, ақын Жұматай Оспанов өзінің шебер де майда тілімен қызықты да көңілді жүргізе білсе, облыстық филормония әнші, композитор, ҚР еңбек сіңірген әртісі Данияр Құрамысов Ләббәйк әнін айтты. Айтыскер, ақын Алғысбек Дәурен Пайғамбарға арнау термесін орындап, жиналған жұртқа керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Игі шара Лепсі ауылының Горный хрусталь кафесінде Мәуліт мерекесінің құрметіне ауыл тұрғындарына арналып дастархан жайылды. Өткен ата-бабаларымызға арнап Құран оқумен басталған аста Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы жиылған жұртты қасиетті мерекемен құттықтап, Мұхаммед пайғамбарымыздың өнегелі өмірі жайлы уағыз айтып, сауалдар қойып, дұрыс жауап бергендерге бағалы сыйлықтар табыс етті. Ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарымыз ақ қар, көк мұзда, қыстың қытымыр аязына қарамастан осындай керемет шараны ұйымдастырып келген өкіл имам Серікхан қажы Рымханұлына ризалықтарын айтып, алғыстарын білдірді, әрі жылда осындай игі шараның өз ауылдарында өтіп тұруын қуана қолдайтындықтарын жасырмады.
ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.01.2016
4367
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру