Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Сəдуақас Ғылмани» мешітінде өткен Мәуліт мерекесі

11.01.2016 3794 0 пікір

Астана қаласындағы «Сəдуақас Ғылмани» мешітінде адамзаттың ардақтысы болған Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың туылған айына орай Мәуліт мерекесі аталып өтті.

Жұма күніне орайластырылған іс-шара аясында «Cәдуқас қажы Ғылмани» мешітінде жиылған жамағатқа, адамзаттың ардақты тұлғасы, сүйікті пайғамбарымыздың өмір жолын етене таныстырып, өн бойындағы маржандай көркем мінез-құлқынан, өнегелі өмірінен үлгі алып, Алла Елшісінің (с.ғ.с) асыл қасиетін жамағаттың бойына сіңіру мақсатында  «Үмметіне үлгі болған пайғамбар. Ол қандай жан еді?!» атты мың дана бүктеме парақшалары үлестірілді.

Мешіттің бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен, жұма намазына жиналған жамағаттың қатысуымен мүбәрак Мәуліт мерекесі жоғары деңгейде өткізілді.

Жұма уағызына шыққан Бас имам Ж.Садырханов Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с) қандай ізгі жан болғаны туралы уағыз айтып, соңын мүбәрак мәуліт жырына ұластырды. Осылайша, Арқаның төсіндегі бас қаладаның тағы бір мешітінде адамзаттың асылына жамағат болып, салауат айтылып, сәлемдер жолданды.

Жұмадан шыққан мешіт ақсақалдары Мәуліт дастарханнан дәм татты. «Алтын ғасыр» мейрамханасындағы арнайы жайылған дастархан басында, Бас имам айтулы мерекенің мәні мен маңызына, салауат айтудың артықшылықтары мен екі дүние сардары Мұхаммедтің (с.ғ.с) асыл қасиеттеріне  тоқталып, жиылған жамағатқа уағыз айтып, рухани нәр сыйлады. Ал, Үкіжан қажы Сәдуақасқызы қазақ тіліндегі Мәуліт жырын оқып, мерекенің мерейін асырды.

sunna.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру