Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Пайғамбарға (с.ғ.с.) сағыныш

11.01.2016 3874 0 пікір

Ақиқаттың ұстазы атанған, Алланың соңғы елшісі Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірге келген Мәуліт мерекесіне орай Атырау облыстық орталық мешітіміздің ұстазы Айша Тузелованың ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында "Пайғамбарға (с.ғ.с.)  сағыныш" атты рухани шара өтті.

Мерекелік шараны "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы ашып, Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмір жолына қысқаша тоқталып өтті.

Ең бірінші асыл тұлғамыздың өмірге келуінен басталған шара, Пайғамбарымыздың азаншысы Біләлдің және кейуананың сағынышы атты көріністермен жалғасын тапты. Шара барысында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі мен көркем сөздерінен, үгіт-насихат пен соңғы құтбасынан слайд жұмыстары көрсетілді.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру