ОҚО Шымкент қаласы облыстық орталық мешіттің мәжіліс залында қала, аудан имамдарының қатысуымен 2016 жылдың іс-шаралар жоспары пысықталды.
Мәжілісті ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы А.Керімбек ашып, жүргізіп отырды.
Жалпы, мәжілісте асыл дініміздің өркендеуіне үлес қосатын өзекті деген 23 мәселе қаралды. Мәселен, дін мамандарын қайта даярлау, уағыз-насихат жұмыстары, діни сауат ашу курстарын дамытуға арналған 2020 жылға дейінгі Тұжырымдама, Астана қаласы Имамдардың І форумында қабылданған 4 құжат Тұғырмананы насихаттау, БАҚ жұмыстары, жастар ісі, халал жұмысын жандандыру, қажылық мәселелері мен имамдардың этикасы сынды т.б. өзекті мәселелер жылдық жұмыс жоспарына енгізіліп, орындалу жөнінде нұқсау берілді.
Мұнымен қатар, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен қолға алынып отырған «Дін мен дәстүр» шарасы мен төрт бағыт жұмыстарды датымуға ұдайы назарда екенін айтылды.
Мәжіліс соңында өкіл имамы А.Керімбек 2015 жылы үлгілі имамдарымызды еңбектерін ескеріп, алғысын білдірді.
Мұхамеджан Естеміров,
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.01.2016
3369
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру