«Зекет» қорының Қарағанды өңірі бойынша өкілі Жұматаев Еркебай мен «Жастар ісі» бөлімінің меңгерушісі Уақасов Мадияр Мәуліт айының құрметіне қайырымдылық шара ұйымдастырды. Бұл жолы сырқатқа шалдыққан балдырғандардың көңілін көтерді.
Қаламыздағы туберкулезге қарсы емдеу сауықтыру балалар шипажайына арнайы барып, мекеме қызметкерлерін мәуліт мерекесімен құттықтап, сауапты амалдардың игілігі турасында сұхбат жүргізді. Салтқа айналған дәстүрі бойынша балаларға арналған бағалы ойыншықтар, мекеме еденіне төсейтін үш кілем тарту етті.
Зекет қорының әрдайым ыстық ықылас танытып, жүйелі түрде жасап отыратын қайырымды жұмыстарына мекеме басшылары алғыстарын жеткізді.
Алла елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) өнегелі өмірінде адамзат үшін көптеген үлгі қалдырған. Соның бірі аз болса да, сауапты істен қалыс қалмай қайырымдылық пен мейірімділікке тән істерді шынайы ниетпен атқаруға үндейді. Тиісті орындарға көмек көрсетіп отыруды мақсат еткен «Зекет» қоры пайғамбарымыздың осы өнегесін басшылыққа алған.
Шара соңынан қордың өкілі балаларға саулық тілеп, жаны да, тәні де сау болсын деп игі тілегін жеткізді.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.01.2016
3233
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру