Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жылдық жұмыс қорытындыланды

07.01.2016 3088 0 пікір

Қостанай облыстық орталық мешітінде 2015 жылдың қорытындысы бойынша жиын болып өтті.

Жиынға облыс көлеміндегі қала, аудан мешіттерінің бас имамдары қатысты. Өкіл имам Б.Тәжімбет Астанада өткен төралқа жиынында тапсырылған міндеттер мен жұмыстар жайында айтып өтті.  

Дін саласының 4 бағыты: уағыз насихат, қайырымдылық, жат ағыммен күрес, сауат ашу курстарын жандандыруды және имамдар форумында қабылданған 4 құжат бойынша жұмыстарды одан әрі жалғасатыруды имамдарға тапсырды.

Сонымен бірге, 2016 жылы Жастар ісі бойынша жасалатын іс-шаралар туралы жоспар талқыланып, әр қалалар мен аудандарға аталған бағытта жұмыс жасауға тапсырмалар берілді.

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру