Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам марапатталды

07.01.2016 3625 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мерейтойына орай Елбасының арнайы төсбелгісімен марапатталды.

Айтулы дата аясында сонымен қатар, белсенділік танытқан қызылордалықтар ҚР Президентінің «Алғыс хатымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Құрмет» грамотасы және «Алғыс» хатымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған мерекелік медалімен де марапатталды.

«Ниет пен тілектің үндесуінің арқасында тәуелсіздігіміз тұғырлы. Сыр елі татулық пен бірліктің, достық пен жасампаздықтың ордасына айналып отыр. Бүгінгі марапаттарыңыз соның айқын айғағы», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Өз кезегінде аймақтың діни ахуалының тұрақты болуына, имандылықтың  дәнін себуде, Ислам дінін насихаттаудағы өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлының еңбегіне де табыс тіледі. 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру